Тапсырыс берушінің құқықтары қандай?

    kyzylorda-memleket-saulet

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Тапсырыс берушінің құқықтары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 34-2 бабына сәйкес тапсырыс берушінің құқықтары: 1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

    2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;

    3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға;

    4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;

    5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Техникалық қадағалаушының ай сайынғы есебін қалай тапсыру қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 34-1 бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайын негізде объект құрылысының жай-күйі және барылысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Техникалық қадағалаушы сарапшылары нысанның жәй-күйі және және барысы туралы есепті ай сайынғы негізде e-qurylys ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды. Бұған қоса, айлық есептің ішіне берілген нұсқамалардың және нысанның фотосуреттерімен қоса жолдайды.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Көп қабатты тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қорытындыны қалай аламыз.

    Жауап

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 66-2-бабына сәйкес адамдар жаппай жиналатын объектілер мен 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау сатысында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қортындыны Тапсырыс беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндеттілігі көрсетілген. Ережеге сәйкес қорытынды беру мемлекеттік қызмет көрсету түрінде электрондық нысанда «Электрондық үкіметтің» веб-порталы ақпараттық жүйесіндегі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап жүзеге асырылады.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы неше күнде тексереді?

    Жауап

    Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Техникалық қадағаулышың құқықтары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 34-1 бабының 4 тармағы. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың: 1) салынып жатқан объектіге еркін кіруге; 2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға; 3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге; 4) белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.