Инватакси қызметтері кімге беріледі?

    abay-social

    abay-social·
    Сұрақ

    Инватакси қызметтері кімге беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағиданың 4-тарауының 28,29 тармақтарына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады.

    Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау маршруттық параққа сәйкес жүзеге асырылады. Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге жол беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі грантты кімдер ала алады?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған 400 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріндегі грантты алуға тіркелген жұмыссыздар немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Сондай-ақ үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: - мүгедектігі бар адамдар; - қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар; - өңіраралық қоныс аударушылар; - аз қамтылған отбасы мүшелері; - көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы); - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); - асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

    abay-social·
    Сұрақ

    Үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер қандай санаттағы азаматтарға көрсетіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 1 - тарауының 2 - тармағына сәйкес, үйде әлеуметтік қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, I–II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын қарт азаматтарға көрсетіледі. Бұл санаттағы адамдар қызмет алушылар болып табылады.

    abay-social·
    Сұрақ

    Жеке көмекші ретінде қандай адамдарға жұмыс істеуге рұқсат етілмейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 163-бабының 2-тармағына сәйкес, жеке көмекші қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын көлемде ұсынылады. Жеке көмекші бола алмайтын адамдар: 1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған; 2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар; 3) он сегіз жасқа толмаған; 4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам; 5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған; 6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам.

    abay-social·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын). Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады. Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    abay-social·
    Сұрақ

    Қандас мәртебесі беру үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі: 1) өмірбаян (еркін түрде); 2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық шыққан елдің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары) Қазақтар және т.б.) т.б.); 3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін анықтайтын құжаттардың көшірмелері. Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері арқылы жергілікті атқарушы органның қандат мәртебесін беруге келісімін алған өтініш берушілер өтінішке оралман мәртебесін беруге келісім беру туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесін қоса береді. Өтініш берушілер оңайлатылған (тіркеу) рәсімімен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қандар мәртебесін ұзарту кезінде өтініш пен бұрын берілген қандат мәртебесінің көшірмесін ұсынады Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларында және көшірмелерінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады. Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды өтініш берушілерден сұрауға жол берілмейді.

    abay-social·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) кiмге көрсетiледi?

    Жауап

    Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады. Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi: 1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға: - зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай; - 1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса. 2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады: - отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы; - отбасы құрамы туралы. Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып: - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу; - аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы. Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.

    abay-social·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.