Инватакси қызметтері кімге беріледі?
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағиданың 4-тарауының 28,29 тармақтарына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау маршруттық параққа сәйкес жүзеге асырылады. Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге жол беріледі.