Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қалай алуға болады?

    kostanai-tabigi-resurstar

    kostanai-tabigi-resurstar·
    Сұрақ

    Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қалай алуға болады?

    Жауап

    Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу үшін сізге:

    1. Е-лицензиялау электрондық үкімет порталында электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік СМС-пароль арқылы авторлану;
    2. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметін таңдау;
    3. Пайдалану түрін таңдау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиоративтік аулау және т.б.);
    4. Өтінішті толтыру, су айдынын, балықтың түрін және алып қоюға жоспарланған мөлшерін көрсету, балықшылардың тізімін және мерзімін, сондай-ақ алып қою құралын көрсету;
    5. Төлем туралы түбіртекті тіркеп, электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Рұқсатсыз қандай су айдындарында балық аулауға болады?

    Жауап

    Әуесқойлық (спорттық) аулау облыстың барлық резервтік су айдындарында жүзеге асырылуы мүмкін. Бес килограммға дейінгі балық ресурстарын аулау ешқандай рұқсатсыз тегін жүзеге асырылады. Бесеуден жоғары – жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша.

    kostanai-tabigi-resurstar·
    Сұрақ

    Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемді қалай және қайда жасауға болады?

    Жауап

    Ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. Деректемелері: салық органы – Қостанай қаласы бойынша МКБ, БСК (бюджеттік сыныптама коды) – 105311, КТС – 911.

    kostanai-tabigi-resurstar·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.