Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қалай алуға болады?
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу үшін сізге: Е-лицензиялау электрондық үкімет порталында электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік СМС-пароль арқылы авторлану; «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметін таңдау; Пайдалану түрін таңдау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиоративтік аулау және т.б.); Өтінішті толтыру, су айдынын, балықтың түрін және алып қоюға жоспарланған мөлшерін көрсету, балықшылардың тізімін және мерзімін, сондай-ақ алып қою құралын көрсету; Төлем туралы түбіртекті тіркеп, электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.