Қандай жағдайларда мектеп жабылуы мүмкін?
📉 Мектептердің жабылу себептері: Оқушылар саны жеткіліксіз: бастауыш мектептің жұмыс істеуі үшін кемінде 5 оқушы, негізгі — 41, орта — 81 оқушы қажет. 120 мектеп бұл талаптарға сай келмейді. Халықтың көші-қоны: ауыл тұрғындарының кетуі оқушылар санының төмендеуіне әкеледі. 🚍 Балама шаралар: Оқушыларды тасымалдау: балаларды жақын маңдағы мектептерге немесе интернаттарға тасымалдау ұйымдастырылады. Қоныс аударушыларды тарту: оқушылар санын көбейту үшін басқа аймақтардағы отбасыларға баспана мен жұмыс ұсынылады 🏫 Инфрақұрылымды дамыту: Жаңа мектептердің құрылысы: 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1048 орынға 4 мектеп ашылды, ол оқыту жағдайын жақсартты және областағы жалғыз апатты мектептің мәселесін шешті (588 орынға Көкшетау қ., 300 орынға Степногорск қ. Бестөбе к., 80 орынға Целиноград ауданының Жаңажол а. және Жарқайың ауданының Бірсуат а.). Бұдан басқа, жеке инвестиция қаражатының есебінен Көкшетау қ. 500 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталып келеді.