Облыс әкімінің атаулы стипендиясын алуға кім құқылы?

    Ақмола облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Облыс әкімінің атаулы стипендиясын алуға кім құқылы?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Ақмола облысында тұратын Қазақстан Республикасының меншік нысанына қарамастан жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі оқыту нысаны бойынша ақылы негізде білім алатын студенттер, облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға үміткерлер болып табылады.

    Атаулы стипендиялар тағайындаудың қолданыстағы шарттарына сәйкес, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін студенттер үміткер бола алады:

    1) Ақмола облысында кдрлық тапшылық құрайтын мамандықтар бойынша білім алатын студенттер. Бұл жағдайда, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін студенттер стипендия алуға басымдылық құқығына ие болады:

    - оқу үлгерімінде жоғарғы көрсеткіштері бар;

    - ғылым саласында жоғарғы жетістіктері бар (халықаралық ғылыми конкурстарда, конференцияларда және т.б. жүлделі орын алған).

    2) Халықтың әлеуметтік-осал тобына жататын үздік және жақсы оқу үлгерімі бар студенттер:

    - көп балалы отбасы;

    - жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;

    - 1 және 2-топ мүгедектері;

    - ата-анасының біреуі немесе екеуі 1-топ мүгедегі;

    - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызмет атқару, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті сақтау барысында қайтыс болған тұлғаның отбасы;

    - толық емес отбасы;

    - атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейін балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын, кірісі орташа жан басына шаққанда кедейшілік шегіне, азық-түлік себетіне дейінгі отбасы.

    3) Жастар ұйымдарының мүшелері және белсенділері болып саналатын үздік және жақсы оқу үлгерімімен студенттер.

    4) Жоғары жетістіктері бар студенттер:

    - мәдениет және өнер саласында (халықаралық шығармашылық конкурстарда, жарыстарда және т.б. жүлделі орындар);

    - түрлі спорт түрлерінде (Қазақстан Республикасының немесе олимпиадалық спорт түрлерінен халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алған, немесе олимпиадалық емес спорт түрлерінен халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындар).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда мектеп жабылуы мүмкін?

    Жауап

    📉 Мектептердің жабылу себептері: Оқушылар саны жеткіліксіз: бастауыш мектептің жұмыс істеуі үшін кемінде 5 оқушы, негізгі — 41, орта — 81 оқушы қажет. 120 мектеп бұл талаптарға сай келмейді. Халықтың көші-қоны: ауыл тұрғындарының кетуі оқушылар санының төмендеуіне әкеледі. 🚍 Балама шаралар: Оқушыларды тасымалдау: балаларды жақын маңдағы мектептерге немесе интернаттарға тасымалдау ұйымдастырылады. Қоныс аударушыларды тарту: оқушылар санын көбейту үшін басқа аймақтардағы отбасыларға баспана мен жұмыс ұсынылады 🏫 Инфрақұрылымды дамыту: Жаңа мектептердің құрылысы: 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1048 орынға 4 мектеп ашылды, ол оқыту жағдайын жақсартты және областағы жалғыз апатты мектептің мәселесін шешті (588 орынға Көкшетау қ., 300 орынға Степногорск қ. Бестөбе к., 80 орынға Целиноград ауданының Жаңажол а. және Жарқайың ауданының Бірсуат а.). Бұдан басқа, жеке инвестиция қаражатының есебінен Көкшетау қ. 500 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталып келеді.

    Сұрақ

    Неліктен Көкшетау қаласының маршруттарында автобустар жетіспейді?

    Жауап

    бүгінгі таңда Көкшетау қаласының тұрғындары қоғамдық көліктің (автобустардың) жетіспеушілігі проблемасына тап болып отыр. Автобустар мен жүргізушілердің жеткіліксіз саны ұзақ күтуге, маршруттардың шамадан тыс жүктелуіне және көліктің қол жетімділігінің төмендеуіне әкеледі, әсіресе қаланың шалғай аудандарының тұрғындары үшін. Ақмола облысында кадрлар тапшылығы бар - білікті автобус жүргізушілері, жүргізушілердің негізгі құрамы Кеңес дәуіріндегі тәжірибесі бар кадрлардан тұрады және жыл сайын олардың саны азайып келеді, жас жүргізушілердің ағыны әлсіз және босатылған бос жұмыс орындарын толтыра алмайды. Бұл мәселенің негізгі себебі-жүргізушінің жас мерзімі мен жұмыс өтілі. Сонымен, "D" санатын алу үшін сізге қажет: - "С1" санатындағы жүргізушіге оқуға (жалпы салмағы 3,5 тоннадан 7,5 тоннаға дейінгі жүк көлігі - Жүк Газелі типі) - он сегіз жасқа толған адамдарға беріледі; - жүргізуші ретінде кемінде 3 жыл, оның ішінде "С1"санатындағы автомобильдерге 1 жыл жұмыс істеуге; - жүргізушіге оқудан өту " D1 " кіші санаты (оқу мерзімі-3 ай); -3 жыл ішінде "D1" кіші санатты автомобиль жүргізушісі болып жұмыс істеу; - жиырма бес жасқа толып, "D" санатындағы жүргізуші ретінде оқуға. Барлығы "B" санатын алу үшін "D" санатын үйрену үшін шамамен 7 жыл қажет. "D" санатындағы жүргізушілер тапшылығы проблемасын шешу үшін "Жол қозғалысы туралы" ҚР Заңының 74-бабына, "D" және "D1" санаттарын алу мерзімін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді; "Автомобиль көлігі туралы" ҚР Заңының 7-бабына, "D" және "D1" санаттарының өтіліне қойылатын талаптарды қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді.

    Сұрақ

    Жұбайы кәмелетке толмаған баласымен қарым-қатынасқа кедергі жасай ала ма?

    Жауап

    жоқ, екі ата-ананың сәбиін тәрбиелеу, күтіп-ұстау бойынша құқықтары мен міндеттері тең. Қарым-қатынас бойынша даулы жағдайлар орын алса, онда соттың шешімі бойынша қарым-қатынас кестесімен белгіленеді.

    Сұрақ

    Кәмелетке толмаған баланы ата-аналардың уақытша қамқорлығына қалдыруға бола ма?

    Жауап

    иә, ата-аналар (ата-ана) ұзақ уақыт емделуде, бас бостандығынан айыру орындарында болған жоғдайда, ата-аналарының келісімі бойынша қамқоршылық рәсімделеді.

    Сұрақ

    Жер учаскесін жалға алу мерзімін қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту eGov.kz веб-порталы арқылы жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады. Ол үшін өтініш пен қажетті құжаттарды электронды форматта тапсыру қажет. Негізгі кезеңдер: eGov.kz арқылы өтініш беру. Уәкілетті органдармен құжаттарды тексеру. Жалдау мерзімін ұзарту туралы шешімді дайындау және қол қою. Жалға беру шартын рәсімдеу және оған қол қою. eGov.kz-та жеке кабинетте нәтижесін алу. Жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге негізделген хабарлама жіберіледі.

    Сұрақ

    Көкөніс отырғызу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелері конкурс арқылы жалға беріледі (ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы) . Қатысу үшін жергілікті әкімдікке өтінім беріңіз. Жеке қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелерін беру «Мемлекет меншігіндегі сауда-саттықтар өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылады. Оны өзіңізге ХҚКО, eGov.kz порталы арқылы істеуіңізге болады (электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда).

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі: 1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім; 2) конкурстық ұсыныс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер коммисиясымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурстың жеңімпазы бизнес-жоспарға сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестицияның болжамды көлемі бойынша баллдарды беру арқылы, бағаланады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге конкурс жариялағаннан кейін әр жеке немесе заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    Сұрақ

    Қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын кімдер ала алады?

    Жауап

    «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Ақмола облыстық Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне сәйкес, азаматтардың 15 санаты бекітілген: кшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының келесі санаттарына жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру; 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – тегін жол жүру; 3) қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – тегін жол жүру; 4) фашистік лагерьлердің тұтқындарына – тегін жол жүру; 5) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – тегін жол жүру; 6) көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру; 7) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру; 8) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру; 9) Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұрыс қимылдардың қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру; 10) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру; 11) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру; 12) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – тегін жол жүру; 13) I топтағы көру бойынша мүгедектеріне, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршыларға – тегін жол жүру; 14) оқу жылы кезінде Қызыл Жұлдыз ауылында тұратын оқушыларға -тегін жол жүру; 15) Социалистік Еңбек Ерлеріне және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдарға - тегін жол жүру. Азаматтардың тегін жүру санатына енгізу мәселесі бойынша Көкшетау қаласының әкімдігіне «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге өтініш тапсыру қажет.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.