Түркістан қаласына жұмыс бабымен ауысып келіп жатқан мәдениет және өнер қызметкерлері баспанамен қамтамасыз етіле ме?
Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты Шымкент қаласындағы мәдениет және өнер мекемелері кезең-кезеңімен көшірілуде. Осы орайда жұмыс бабымен ауысып келген мәдениет және өнер қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі туындауда. Түркістан қаласынан арнайы жер бөлініп, жатақхана негізінде «Өнер үйі» салынатын болса, бұл проблеманы шешуге болады деп есептейміз.