Ақын, жазушылар, композиторлар, өнер, басқа да шығармашылық адамдарының мерейтойлары, кездесу кештерін өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N1465 қаулысында «Рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң, жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi» делінген. Осыған байланысты, облыстағы ақын, жазушылар, композиторлар мен басқа да шығармашылық адамдарының мерейтойлары, кездесу кештеріоблыстық, аудандық, қалалық деңгейде атап өтуге болады. Алайда мемлекеттен ешқандай қаржы қаралмайды.