Арнайы тексеру жүргізу үшін қандай құжаттар қажет?
Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады: өз қолымен толтырылған сауалнама; өз қолымен толтырылған өмірбаян; қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде: жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты); туу туралы куәлік; неке қию туралы куәлік; жалпы орта білімі туралы аттестат; техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса қосымшасымен ортадан кейінгі білімі туралы диплом; жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшасы (транскрип); әскери билет не болмаса тіркеу куәлігі; еңбек кітапшасы не болмаса еңбек жолын растайтын құжаттар; 9х12 көлемдегі үш дана және 3,5×4,5 көлемдегі алты дана фотосурет (бас киімсіз); жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi,апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) және зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының құжаттары.