Үміткер қызметке орналасу үшін қандай конкурстық рәсімдерден өтеді?
Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді: жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау); саясаттану бойынша білімдерін тексеру; дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу); кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау; медициналық куәландыру. Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді. Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

