ҚР МКҚ-ға қызметке қабылдау тәртібі мен шарты
ҚР МКҚ-дағы қызметке жасы он сегiзге толған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Қызметке: ҚР заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған; лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар; өзiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттердi болғызбау мақсатында ҚР заңында белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған; қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған; бұрын сотталған немесе ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептер бойынша шығарылған; арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі және өзінің жаќын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер берген; қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды. Қызметке тұрған кезде үміткер және оның отбасы мүшелері табыс туралы декларация тапсыру туралы мәлімет ұсынуы тиіс.