ҚР МКҚ-ға қызметке тұратын ҚР азаматтарына қандай талаптар қойылады?
ҚР МКҚ-дағы қызметке үміткерлерге мынадай ортақ біліктілік талаптары қойылады: соттылығының, соның ішінде өтелмеген әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауы; оқу, жұмыс, қызмет, тұратын жері бойынша оң мінездеменің болуы; болжалды лауазымның талаптарына сай келетін денсаулық жағдайы; тиісті дене шынықтыру даярлығы, бойы кемінде 180 сантиметрден кем емес; болжалды лауазымға сай келетін білімінің болуы; іскерлік, жеке қасиеттері, білім деңгейі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі бойынша болжалды қызмет саласына сәйкес болуы; әскери даярлығының болуы (ЖОО әскери кафедрасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің немесе басқа да мемлекеттердің ұқсас құрылымдарының жоғары және арнаулы оқу орындары, не болмаса Қарулы Күштердегі әскери қызмет).