Несие/микрокредиттер жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі –6 % -дан аспайтын, ең жоғары сомасы – 6500 АЕК-ке дейін, 5 жылға дейін мерзімге Екінші деңгейлі банктер немесе Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы беріледі.
Табысы аз немесе көпбалалы отбасылардың мүшелеріне кредит жеті жылға дейінгі мерзімге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4 %-дан , ең жоғары сомасы 8,0 мың АЕК-ке дейін беріледі.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар беріледі.
Үміткерлер Бағдарлама шеңберінде («Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша)кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен соң немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтағаннан кейін қатыса алады.
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған барлық санаттағы азаматтарға, яғни жұмыссыз азаматтарға, 29 жасқа дейінгі жастарға, көпбалалы отбасыларға, табысы аз отбасыларға, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердеұсынылады және Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға пайдаланылады.