Қазақстанда вакциналау міндетті әрі мәжбүрлі ме?

    bko-taskala

    bko-taskala·
    Сұрақ

    Қазақстанда вакциналау міндетті әрі мәжбүрлі ме?

    Жауап

    Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім ала алады?

    Жауап

    Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары коронавиустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады, одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады. Бірінші кезеңде инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлері вакцинациялаумен қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады. Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

    bko-taskala·
    Сұрақ

    Неліктен вакцинаны екі кезеңде алу керек?

    Жауап

    Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

    bko-taskala·
    Сұрақ

    Балабақшаға бала қалай кезекке қойылады?

    Жауап

    Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама алу қызметі balabagsha.snation.kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайтта жұмыс жасау үшін жеке телефон нөмірінізбен тіркеліп, тұрғылықты мекен-жайыңызды көрсетіңіз.

    bko-taskala·
    Сұрақ

    Вакцинацияцияның электрондық паспорты дегеніміз не?

    Жауап

    Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – бұл вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеттілігі медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылатын болады. Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация ем-шарасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.

    bko-taskala·
    Сұрақ

    COVID-19-мен ауырып жазылғандарға вакциналау қажет пе?

    Жауап

    КВИ науқастарын вакцинациялау туралы мәселе бүгін талқылануда. Айта кету керек, бірқатар әлемдік мәліметтер бойынша, КВИ-дан кейінгі антиденелер 3-6 айдан кейін жоғалады, содан кейін адам қайта инфекцияға ұшырайды.

    bko-taskala·
    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері (Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

    bko-taskala·
    Сұрақ

    «Еңбек» бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде несие/микрокредиттер беру.

    Жауап

    Несие/микрокредиттер кепілдік мүлкі болған жағдайда ғана беріледі. Несие/микрокредиттер жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі –6 % -дан аспайтын, ең жоғары сомасы – 6500 АЕК-ке дейін, 5 жылға дейін мерзімге Екінші деңгейлі банктер немесе Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы беріледі. Табысы аз немесе көпбалалы отбасылардың мүшелеріне кредит жеті жылға дейінгі мерзімге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4 %-дан , ең жоғары сомасы 8,0 мың АЕК-ке дейін беріледі. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар беріледі. Үміткерлер Бағдарлама шеңберінде («Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша)кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен соң немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтағаннан кейін қатыса алады. Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған барлық санаттағы азаматтарға, яғни жұмыссыз азаматтарға, 29 жасқа дейінгі жастарға, көпбалалы отбасыларға, табысы аз отбасыларға, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердеұсынылады және Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға пайдаланылады.

    bko-taskala·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.