Қазақстандағы қандастарға қандай мемлекеттік қолдау көмек, жеңілдіктер, бейімделу Баспаға шығару нұсқасы бар?
Қандастар төменде сипатталған мемлекеттен квоталар мен жеңілдіктерге құқылы. "Қандас мәртебесін" алған тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келесімен қамтамасыз етіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғау. Қандастарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін қабылдау квотасы көзделеді. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Қазақстан Республикасының " Атаулы әлеуметтік көмек туралы ", " Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы " Заңдарына сәйкес жан басына шаққанда табысы кедейлік шегінен аспайтын қандастардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең атаулы әлеуметтік көмек және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қандастар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең зейнетақымен қамтамасыз ету құқығымен пайдаланады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және қордағы жерлерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Өз кезегінде, қандастарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлық ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және қордағы жерлерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.