Қайырлы күн! Біздің жекеменшік жерде ұзын ағаштар өсіп тұр. Біз соларды кесіп алғымыз келіп жатыр. Менің сұрағым: Акимат ағаш кесетін қызмет көрсетеді ме екен және оның кұны бар ме екен? Әуезов ауданында орналасқанбыз.

    Әуезов ауданы әкімінің аппараты

    Сұрақ

    Қайырлы күн! Біздің жекеменшік жерде ұзын ағаштар өсіп тұр. Біз соларды кесіп алғымыз келіп жатыр. Менің сұрағым: Акимат ағаш кесетін қызмет көрсетеді ме екен және оның кұны бар ме екен? Әуезов ауданында орналасқанбыз.

    Жауап

    Сәлеметсіз бе! Әуезов ауданы әкімінің сайтына келіп түскен ағаштарды кесу сұрағы бойынша, келесіні хабарлаймыз.

    Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы Ережесінің 2 параграф ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлық кесу 31 т. ағаштарды кесу (қайта отырғызу) кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат ұсынылған жағдайда, рұқсаттар туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

    3 параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызу жүргізу тәртібі 35 т. уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу бес есе көлемде жүргізіледі.

    Сізге, ағаш кесуге рұқсат алу үшін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасына өтініш беруіңіз қажет.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.