Әуезов ауданында ауқымды сенбілік өтеді
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мен эколог күніне орай аудандық сенбілікке қатысуға шақырамыз. 📅 06.06.2026 🕘 Басталуы: 09:00 📍 Өтетін орны: Қарғалы өзенінің бойы, Жандосов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақ. Табиғатты бірге аялап, бірге көркейтейік!





