Мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары

    kgd-zhambyl

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары

    Жауап

    Мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары

    Салық Кодексінің 114 бабы 7 тармақшасына сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы – салықтық берешек түзілген немесе салық төлеуші тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей құрастырылып жолданады.

    Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

    118 бабы 3 тармағы бойынша салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мынадайтәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:

    -тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

    -тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

    119 бабы 1 тармағы бойынша салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:

    -тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

    -тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

    -120 бабы 1 тармағы бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеудi осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:

    1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:

    тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi) салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

    тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi) салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң қойылады.

    2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.

    Бұл ретте салық органы осы тармақшада көрсетілген жағдайда шектеуді салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны жiбермей:

    -осы Кодекстің 21-тарауында айқындалған тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;

    -салық төлеуші (салық агенті) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен алып тасталған немесе деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң жүргізеді.

    -117 бабы 2 тармағына сәйкес өсімпұл:

    1) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан;

    2) егер салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде;

    3) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған, қосымша салықтық есептілік ұсынылған кезде қолданылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дара кәсіпкер оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуі керек пе?

    Жауап

    "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды; 2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды; 3) табиғи монополия субъектілері болып табылмайды. Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Ескі авто көліктерге көлік салығының төмендетілген мөлшерлемелері бар ма?

    Жауап

    Иә, 2026 жылдан бастап пайдалану мерзімі: - 10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер үшін 0,3 түзету коэффициенті қолданылады; - 20 жылдан асатын жеңіл автомобильдер үшін 0,5 түзету коэффициенті қолданылады.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Әлеуметтік салық бойынша қандай жаңалықтар қарастырылған?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысын жою қарастырылған. Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке мөлшерлемесі белгіленді – 6%. Әлеуметтік салықтың басқа мөлшерлемесі белгіленді (бұрын ЖТС мөлшерлемесін 70 % төмендету қарастырылған): - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – 1,8 %; - жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары өзі үшін – 0,6 АЕК және қызметкерлер үшін 0,3 АЕК. Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін, оның ішінде: - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; - оңайлатылған декларация негізінде; - шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік салықтан босату көзделген.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    ЖТС бойынша мөлшерлеме. Жаңа Салық кодексінде не қарастырылған?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде ЖТС прогрессивті мөлшерлеме енгізілді. 8 500 АЕК-тен (33,4 млн теңге) асатын қызметкердің жылдық табысы үшін мөлшерлеме 15% құрайды. 230 000 АЕК-ке дейінгі дивидендтер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары-салық салынатын табыстан салық сомасы одан асатын сомадан 230 00 еселенген АЕК + 15% мөлшерінде. Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлердің табыстары үшін: АЕК 230 000 еселенген мөлшерге дейінгі дивиденттер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары – салық салынатын табыстан салық сомасы 230 00 еселенген мөлшердегі АЕК + одан асатын сомадан 15%. Жеке практикамен айналысатын адамдардың табысы бойынша – 9 %; Шаруа қожалықтарының өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу немесе қайта өңдеу бойынша кірістері бойынша – 3 % (бұрын ЖТС 70% - ға азайту болған).

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    2026 жылы СЕН қайтарып алу бойынша жағдай қандай, есептерде көрсетілген сомаларды түзету мүмкіндігі бар ма?

    Жауап

    Бұрын берілген есептердегі түзетулер қосымша салық есептілігі немесе хабарлама бойынша есептілік арқылы ғана мүмкін болатын. Егер салық төлеуші есепті уақытында ұсынбаған болса, салық органдарының жүйесі автоматты түрде осы кезеңдегі нөлдік есептілікті қалыптастырады (салық төлеуші салық төлеушінің кабинетінде құжаттамада көрсетілген нысандар көрсетілген жағдайда). Осыдан кейін: - қосымша есеп беру; - есепті белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште ұсыну жағдайларды қоспағанда, сол кезеңге есеп беру мүмкін емес. Егер салық төлеуші есепті әлі де қағаз түрінде берсе және ол "Құжат қабылданды" мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптасқан нөлдік есептілік жойылады. Бұл өзгерістер қателерді азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған. Салық төлеушілер есеп беру мәселелерін болдырмау үшін жаңа ережелерге алдын ала дайындалуы керек.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда ҚҚС төлеуші тіркеу есебінен шығарылуы мүмкін?

    Жауап

    Төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен алынады: - салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне көшу; - қызметті тоқтату немесе тарату. 2026 жылдан бастап салық төлеушінің ағымдағы жылы өткен айналымның ең төменгі деңгейінен аспаған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебінен ерікті түрде алу құқығы алынып тасталады. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қабылдау "Құжаттарды беру" бөлімінде СӘИЖ СТК-да жүзеге асырылады. Сондай-ақ хабарламаны қағаз жеткізгіште орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына беруге болады. Бұл қызмет Банктік мобильді қосымшаларда, сондай-ақ "Е-салық-бизнес" мобильді қосымшасы арқылы (тек ДК үшін) қолжетімді болады. Қызметті тоқтатуға арналған салықтық өтініш "Құжаттарды беру" бөлімінде де қолжетімді. Бұдан басқа, қызметі тоқтатылған кезде салықтық есептілігі ұсынылады, сондай-ақ ол "Құжаттарды беру" бөлімінде немесе мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште СӘИЖ СТК арқылы ұсынылуы мүмкін.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    2026 жылы пәтер сатқым келеді, оны 2025 жылы кеңейтуге байланысты сатып алдым, сату тура бір жылдан кейін болады, егер салық бойынша қандай да бір міндеттеме туындайды ма?

    Жауап

    2025 жылы сатып алынған және тіркелген және мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң сатылатын жылжымайтын мүлік сатылған жағдайда құн өсімінен түсетін табыс пайда болмайды, өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелетін жылжымайтын мүлік объектілеріне әсер етеді, демек, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу кезінде иелену кезеңі екі жылды құрайды.

    kgd-zhambyl·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.