Атаулы әлеуметтік көмек алу кімнің құқығы бар?
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (2022 жылдың І тоқсанына кедейшілік шегі 25646 теңгені құрайды).