Кепілдендірілген әлеуметтік топтама кімдерге беріледі?
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы: бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде; алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.