Кресло - арбалар кімге беріледі?

    enbek-uko

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Кресло - арбалар кімге беріледі?

    Жауап

    Мүгедек адамдарға кресло-арбалар "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) бекітілген медициналық айғақтар бойынша беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыскерлерге АӘТ құрамдас бөліктерінің бірі уақтылы төленбеген жағдайда, мысалы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем, әкімшілік сипаттағы қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    бүгінгі күні бұл тәртіп реттелді. Жұмыскер еңбек инспекциясына шағыммен жүгінуге құқылы. Инспектор тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге тиісті төлемдерді уақтылы төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым береді (мысалы, жалақы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем және т.б.). Жұмыс беруші ұйғарымды орындамаған жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекторы материалдарды мәжбүрлеп орындау үшін сотқа жібереді.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Санаторий-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеу шарттары қандай?

    Жауап

    Жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен бастапқы айрылу белгіленген кезде жұмыс беруші сақтандыру туралы шарт жасасқан сақтандыру компаниясы зардап шеккен жұмыскерді санаторий-курорттық емдеуге жұмсалған шығыстарды 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлейді. Аталған сомадан асып кеткен жағдайда айырманы жұмыскер төлейді.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Егер адам АӘТ (республикалық бюджеттен, БЖЗҚ) ала отырып, еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, оның АӘТ алуға құқығы бола ма?

    Жауап

    егер адам еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, бұл ретте бұрын өзінің АӘТ алу құқығын іске асырса, онда төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Қандай оңалту іс-шараларын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6 %-ына дейін ӨСК өтеуге тиіс?

    Жауап

    Сақтандыру ұйымдары зардап шеккен жұмыскерді қалпына келтіру шығындарын өтейді, атап айтқанда: - қалпына келтіру және реконструктивті терапия (ортодонтия, имплантация, бетті және басқа бөліктерді қайта құру және т. б.); - сауықтыруға және шығыстар (ТМККБК және МӘМС көзделмеген); - әлеуметтік-психологиялық оңалту (психологиялық түзетуді, қолдау мен көмекті ұйымдастыру); - кәсіптік және еңбекті оңалту (жаңаларын қалыптастыру немесе жоғалған еңбек және кәсіптік дағдыларды қалпына келтіру).

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Еңбекті қорғау жөніндегі қандай алдын алу іс-шараларын ӨСК төленген сақтандыру сыйлықақысының 6%-на дейін өтеуге тиіс?

    Жауап

    Алдын алу шараларына, яғни жұмыскерлердің денсаулығына зиян келтірмеуге және қаза табуына жол бермеуге бағытталған шараларға мыналар жатады: - жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқыту және олардың біліктілігін арттыру; - кәсіби тәуекелдерге бағалау жүргізу; - медициналық тексерулер жүргізу; - ЕҚ және ТҚ бойынша кабинеттерді жарақтандыру (стендтер, әдістемелік және көрнекі материалдар сатып алу); - нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және т. б.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    Құқық туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын адамдарға АӘТ қалай төленеді?

    Жауап

    55 жасқа толған еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын, бірақ жеті жыл ішінде МКЗЖ аударылған адамдар АӘТ-ны екі көзден: республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан алуға құқылы.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    АӘТ алушылары зиянды жағдайларда жұмысын жалғастыра ала ма?

    Жауап

    Жоқ. АӘТ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмысшыларды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Алайда, АӘТ алушы енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды. Алушының таңдауына мынадай әрекеттердің үш түрі бар: 1) жұмыс берушімен келісу бойынша еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу; 2) кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу; 3) еңбек қызметін жалғастырмау. Осылайша, АӘТ жұмысшыларға 55 жаста еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды қорғаудың осыған ұқсас схемалары көптеген елдерде қолданылады.

    enbek-uko·
    Сұрақ

    2024 жылы зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізіледі. Бұл кімге әсер етеді?

    Жауап

    Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізуді тапсырды. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді (бұдан әрі – АӘТ) енгізу еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін олар 55 жасқа толған және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі кемінде 7 жыл болған кезде көзделген. АӘТ төрт қаржыландыру көзінен: - ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде республикалық бюджеттен; - Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан; - 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде өмірді сақтандыру компанияларынан; - 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды. Жұмыскер оны зейнеткерлік жасқа толғанға дейін алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін АӘТ төлеу тоқтатылады. БЖЗҚ деректері бойынша, аталған параметрлерге сәйкес келетін азаматтар саны 2024 жылы – 37 097, 2025 жылы – 42 287, 2026 жылы – 47 182 адамды құрайды.

    enbek-uko·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.