Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi
Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
adilet-almaty
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қалай алуға болады?
Сот және сотқа дейінгі органдарда адвокат тағайындау туралы қаулы шығарылады, осы қаулы шығарылғаннан кейін адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсете бастайды.
Алматы қаласы бойынша 16 заң консультациясы жұмыс істейді, онда сіз тегін заң консультациясы үшін жүгіне аласыз:
Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi
Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар
Идеялар, тұжырымдамалар, принциптер, әдістер, жүйелер, процестер, ашылулар, фактілер; Халық шығармашылығы туындылары; Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; Мемлекеттік рәміздер мен белгілер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер); Ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар.
Авторлық құқықтың обьектілері болып табылатын туындылар
Өлең; Архитекторлық жұмыстар; Суреттер; Кітаптар, журналдар, мақалалар, поэзия, әңгімелер; Бағдарламалық қамтамасыз етулер; Деректер базалары; Көркем шығарамалар; Мүсіндер; Графикалық суреттер;
Авторлық құқықтың пайда болуы
Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне байланысты туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді. Өздерінің айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және (немесе) құқық иеленуші авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әрбір данасына қойылады және міндетті түрде үш элементтен тұрады: - Айналдыра латын әрпі “С”; - Авторлық құқық иесінің аты-жөні (атауы); - Алғашқы жарияланған жылы;
Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алудан бас тарта ала ма?
Адвокат екі жағдайда бас тартуы мүмкін: Егер өтініш берушінің өтініштері құқықтық сипатта болмаса немесе өтініш беруші мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін кім жүзеге асырады?
Өз құзыреті шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар, нотариустар, жеке сот орындаушылары өтеусіз негізде көрсетеді. Сондай-ақ, адвокаттармен заң көмегі ақысыз негізде көрсетіледі және төлемді мемлекет бюджет қаражаты есебінен өтейді.
Азаматтардың қандай санаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алады?
Алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, талап қоюшы азаматтық сот ісін жүргізетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, жәбірленушінің құқықтық ақпаратты тегін алуға құқығы бар.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не?
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі - бұл оны тегін негізде алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін заң көмегі.