Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар

    adilet-almaty

    adilet-almaty·
    Сұрақ

    Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар

    Жауап
    • Идеялар, тұжырымдамалар, принциптер, әдістер, жүйелер, процестер, ашылулар, фактілер;
    • Халық шығармашылығы туындылары;
    • Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
    • Мемлекеттік рәміздер мен белгілер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);
    • Ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Авторлық құқықтың обьектілері болып табылатын туындылар

    Жауап

    Өлең; Архитекторлық жұмыстар; Суреттер; Кітаптар, журналдар, мақалалар, поэзия, әңгімелер; Бағдарламалық қамтамасыз етулер; Деректер базалары; Көркем шығарамалар; Мүсіндер; Графикалық суреттер;

    adilet-almaty·
    Сұрақ

    Авторлық құқықтың пайда болуы

    Жауап

    Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне байланысты туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді. Өздерінің айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және (немесе) құқық иеленуші авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әрбір данасына қойылады және міндетті түрде үш элементтен тұрады: - Айналдыра латын әрпі “С”; - Авторлық құқық иесінің аты-жөні (атауы); - Алғашқы жарияланған жылы;

    adilet-almaty·
    Сұрақ

    Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алудан бас тарта ала ма?

    Жауап

    Адвокат екі жағдайда бас тартуы мүмкін: Егер өтініш берушінің өтініштері құқықтық сипатта болмаса немесе өтініш беруші мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса.

    adilet-almaty·
    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қалай алуға болады?

    Жауап

    Сот және сотқа дейінгі органдарда адвокат тағайындау туралы қаулы шығарылады, осы қаулы шығарылғаннан кейін адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсете бастайды. Алматы қаласы бойынша 16 заң консультациясы жұмыс істейді, онда сіз тегін заң консультациясы үшін жүгіне аласыз: Қалалық заң консультациясы Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 49/61 Меңгерушісі: Төлепбергенова Райгүл Рахметқызы 279-87-11, 278-06-41 Заң консультациясы №1 Алматы қ., Гоголь к-сі, 87-а Меңгерушісі: Кременцова Валентина Михайловна 273-35-17, 273-54-07 Заңгерлік кеңес №2 Алматы қ., Шәріпов к-сі, 14, 5 пәтер Меңгерушісі: Кадырбекова Бахыткуль Узакбаевна 234-17-63, 233-78-63 Заңгерлік кеңес №3 Алматы қ., Уәлиханов к-сі, 25, 1 пәтер Меңгерушісі: Есеркепова Гульнара Галиевна 273-04-20 Заңгерлік кеңес №4 Алматы қ., Спартак к-сі, 10, 3 пәтер Меңгерушісі: Қапаева Гүлжан Тоқанқызы 235-03-54 Заңгерлік кеңес № 5 Алматы қ., Сейфуллин к-сі, 451, 20 пәтер Меңгерушісі: Шустер Лев Давыдович 279-30-64 Заңгерлік кеңес № 6 Алматы қ., Бұхар Жирау к-сі, 64-15 Меңгерушісі: Шабанова Рауя Гарапшановна 274-13-29 Заңгерлік кеңес № 7 Алматы қ., 2 ш / аудан., д. 41, кв. 58 Меңгерушісі: Халикова Айгүл Балтабекқызы 276-40-45, 277-42-30 Заңгерлік кеңес №8 Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 147, Меңгерушісі: Сембин Мақат Кадрахманұлы 292-10-10, 292-44-51 Заңгерлік кеңес № 9 Алматы қ., Тимирязев к-сі, 97/193, 20 пәтер Меңгерушісі: Крутасова Елена Викторовна 274-85-35 Заңгерлік кеңес №10 9 шағын аудан, 34 үй, 116 пәтер Меңгерушісі: Ерімбетова Іңкәр Жұматайқызы 301-31-55 "Адвокат" мамандандырылған заң консультациясы Алматы қ., Манас к-сі, 24 "В", 4-кеңсе Меңгерушісі: Кусяпова Надежда Валеоьевна 248-21-68, 222-32-20 Заңгерлік кеңес №12 Алматы қ., Тілендиев к-сі, 50, 31 пәтер Меңгерушісі: Колыванова Людмила Леонидовна 256-14-92, 240-62-82 Заңгерлік кеңес №14 Ш. Шұғыла, д. 341/3 корпус 8, офис 37 Меңгерушісі: Рахимжанова Саулет Әділғазықызы Заңгерлік кеңес №15 Алматы қ., ш. а. "Шаңырақ-2", Құлтегін көшесі, 40 Меңгерушісі: Байжанов Шинкуат Шегемович 225-35-20 Мамандандырылған ювеналдық заң консультациясы Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 188, 12 кеңсе Меңгерушісі: Витковская Светлана Владимировна 292-27-15, 292-46-07

    adilet-almaty·
    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін кім жүзеге асырады?

    Жауап

    Өз құзыреті шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар, нотариустар, жеке сот орындаушылары өтеусіз негізде көрсетеді. Сондай-ақ, адвокаттармен заң көмегі ақысыз негізде көрсетіледі және төлемді мемлекет бюджет қаражаты есебінен өтейді.

    adilet-almaty·
    Сұрақ

    Азаматтардың қандай санаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алады?

    Жауап

    Алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, талап қоюшы азаматтық сот ісін жүргізетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, жәбірленушінің құқықтық ақпаратты тегін алуға құқығы бар.

    adilet-almaty·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.