ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ
Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған жеке тұрғын үйден үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74 бабының 1 және 3 тармақтарына мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалдарында жүзеге асырылады. «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 17 бабына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.