ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда. Оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес лайықты жұмыс іздеген жұмысы және (немесе) табысы (табысы) жоқ адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеген адам ретінде келесі құжаттардың негізінде тіркеледі: 1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы (бар болса). Он алты жасқа толмаған адам, сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін табыс етеді. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған лайықты жұмыстың бар-жоғы туралы хабардар ете отырып, лайықты жұмыс таңдау арқылы жұмысқа орналасуға өтеусіз негізде жәрдем көрсетеді. Сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқуға жолдама, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жолдама. Сонымен қатар, сіздің өз бетіңізше жұмыс іздеу мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында (www.enbek.kz) тұрақты түрде жаңартылады және орналастырылады. Оны пайдалана отырып, жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар.