Бұл инфекцияны емі бар ма?

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Бұл инфекцияны емі бар ма?

    Жауап

    Қазіргі уақытта арнайы емі жоқ. Патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган болып табылады. Мұнда сұрау салып, сіздің үйіңіздің қай басқарушы компанияға немесе қызмет көрсетуші ұйымға жататынын білуге болады. Мекенжайы: Атырау қ., Азаттық даңғылы, 101а немесе телефон арқылы байланысуға болады. Коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерден: Коммуналды қызметтерді әр түрлі ұйымдар көрсетеді, мысалы: сумен жабдықтау мен кәріз жүйесі – «Атырау облысы Су Арнасы» КМК жылумен жабдықтау – «Атырау жылу электр орталығы» АҚ газ қызметтері – «Атыраугазинвест» ЖШС және т.б. Бұл ұйымдармен байланысып, өз үйіңізге қандай қызмет көрсетіліп жатқанын білуге болады. Онлайн портал - onaykyzmet.kz арқылы: Атырауда коммуналдық қызметтерге қосылу және келісімшарт жасау үшін арнайы онлайн портал бар - www.onaykyzmet.kz. Бұл сайт арқылы сумен, газбен, жылумен және басқа қызметтер бойынша келісімшарттарды және сервистік ақпаратты анықтауға болады. Кіреберістегі хабарландырулар мен төлем қағаздары арқылы: Өзіңіз тұратын үйдің кіреберісінде (лифт қабырғасында немесе хабарландыру тақтасында) басқарушы компанияның аты, телефоны көрсетіледі. Сондай-ақ, коммуналдық төлем түбіртегінде келісімшарт жасаған ұйымның атауы жазылады.

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылдысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына сәйкес Обьектілердің және олардың кешендерінің құрылысы «реконструакциялау, қалпына келтіру, кеңейту, технкалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалық сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Мамандар аумақты қарап, инженерлік желілерге кедергі жоқ екенін тексереді және жоба жасайды. Рұқсат берілген соң мердігер ұйым жолды салады.

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді және ресми ақпарат көзі; Әдетте алдын ала жоспарланған іс-шаралар осы жерде жарияланады. Қашан қолдану керек: нақты күн мен орынды білу үшін. Әлеуметтік желілер (жедел ақпарат) Instagram, Facebook, TikTok парақшаларында: o анонстар; o өзгерістер; o тікелей эфирлер жарияланады; Ақпарат жылдам жаңарып отырады, бірақ кейде қысқаша беріледі. Қашан қолдану керек: соңғы жаңалықтарды тез білу үшін. Мобильді қосымшалар мен сервистер Кейбір жағдайларда хабарламалар push немесе SMS арқылы келеді (мысалы, eGov, 1414); Бұл тәсіл маңызды немесе ауқымды іс-шаралар кезінде қолданылады. Қашан қолдану керек: автоматты хабарлама алу үшін Мысал: Азамат А. Атырау қаласында өтетін музыкалық фестиваль туралы білгісі келеді. Ол ресми сайтқа кіріп, фестивальдің күні, уақыты, орны және билет алу жолдарын қарады. Instagram парақшасын тексеріп, бағдарламадағы өзгерістер мен қосымша мастер-класстар туралы білді. Push-хабарламаларды қосқандықтан, маңызды ақпарат смартфонына келді. Нәтиже: А. іс-шараға алдын ала дайындалып, жаңартылған ақпаратты уақытында алды.

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланыс деректері. Ұсынысты мына мекемелердің біріне беруге болады: қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне әкімдікке (жеке немесе ұжымдық өтініш ретінде) 109 iKomek арқылы (ауызша немесе онлайн өтініш) «e-Өтініш» АЖ арқылы (электронды өтініш). Ұжымдық ұсыныс тиімді, өйткені, егер ұсынысқа бірнеше тұрғын қол қойса, қаралу ықтималдығы жоғары болады. Егер ірі көгалдандыру жобасы болса (сквер, аллея, демалыс аймағы): арнайы жоба ретінде ұсынылады; тұрғындар дауыс береді; бюджеттен қаржы бөлінуі мүмкін. Мемлекеттік орган ұсынысты қарап, заң бойынша 15–30 жұмыс күні ішінде ресми жауап береді. Мысал: Атырау қаласының тұрғындары өз ауласында көгалдандырудың жеткіліксіз екенін байқайды: ағаштар аз, жазда шаң көп, көлеңке жоқ. Тұрғындар бірігіп, ұжымдық ұсыныс дайындайды. Ұсыныста: нақты аумақ (аула мекенжайы); ағаш отырғызу және газон жасау қажеттілігі; себебі (шаңды азайту, көлеңке жасау) көрсетіледі. Олар өтінішті «e-Өтініш» жүйесі арқылы әкімдікке жолдайды және оған бірнеше тұрғын қол қояды. Нәтижесінде: ұсыныс қаралып, аумақ тексеріледі; көгалдандыру жоспарына енгізіледі; келесі маусымда ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы № 194 бұйрығымен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларының 25-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 1 жұмыс күні көрсетіледі (пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес күндер өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз: ЭЦҚ көмегімен: - Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз ; - «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз; - Сұранымның ашық жолдарын толтыру; - Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен ( ЭЦҚ ) көмегімен қол қойыңыз; - Жеке кабинетте (« Қызметтерді алу тарихы » бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында ұйымдастырылады. Дәрігерді үйге шақыруға көрсеткіш жағдайлар: - қозғала алмау немесе қозғалыс шектеулігі: - Науқас ауруына байланысты өздігінен емханаға бара алмайды (мысалы, ауыр жарақат, инсульттен кейінгі жағдай, мүгедектік, әлсіреу). Жедел медициналық жағдайлар: - Денсаулыққа қауіп төндіретін симптомдар бар кезде (жоғары температура, күшті әлсіздік, ентігу, кенет басталған ауырсыну, жүрек-қан тамыр немесе тыныс алу жүйесі белгілері). Дәрігер науқастың жағдайын бағалап, шұғыл шараларды қолданады немесе стационарға жолдама береді. Созылмалы аурудың асқынуы: - Қант диабеті, гипертония, жүрек немесе бүйрек аурулары сияқты созылмалы патологиялары бар пациенттердің жағдайы нашарлаған кезде. Мұндай науқастарға дәрігер дәрі-дәрмек тағайындайды, жағдайын бақылауға алады. Балалар мен жүкті әйелдер: - Жүктілік кезінде профилактикалық немесе шұғыл тексеру қажет болғанда. - Кішкентай балаларда жоғары температура немесе тыныс алу қиындықтары байқалған кезде. Үйге шақыру тәртібі: - Науқас немесе оның заңды өкілі емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, дәрігерді шақыру туралы өтініш береді. Өтініш тіркеледі және учаскелік дәрігер науқастың жағдайын бағалап, келген уақытта қажетті медициналық қызмет көрсетеді.

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға көрсеткіш жағдайлар: Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар: - Жүрек-қан тамырларының өткір аурулары: инфаркт, ауыр тахикардия, жүрек тоқтауы; - Миға қан құйылу, инсульт белгілері: бет әлпетінің қисайуы, сөйлеудің бұзылуы, қол-аяқтың әлсіреуі. Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, қатты ентігу, дем алудың қиындауы; - Кенеттен естен тану немесе құсу, әлсіреу, сана жоғалту; Жарақаттар мен уланулар: - Ауыр жарақаттар: сыну, кесілген немесе күйген жарақаттар; - Химиялық, тағамдық немесе дәрі-дәрмекпен улану. Жағдайы шұғыл бақылауды қажет ететін науқастар: - Балаларда жоғары температура кезінде, конвульсиялар, кенеттен нашарлау. - Созылмалы аурулары бар адамдарда (қан қысымы, қант диабеті, эпилепсия, жүрек аурулары) кенет асқыну байқалған кезде. Ауыр психо-эмоциялық немесе әлеуметтік жағдайлар: - Қауіпті өзін-өзі жарақаттау немесе өзін өлтіру әрекеті болған жағдайда. Ауыр психикалық жағдайда науқасқа шұғыл медициналық көмек қажет. Жедел жәрдемді 103 нөміріне хабарласып шақырады. Қоңырау кезінде диспетчер жағдайды сипаттауын сұрайды, медициналық бригада шақырылады. Науқасқа келген мамандар қажетті диагностика, алғашқы көмек көрсетеді және қажет болған жағдайда стационарға жеткізеді.

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды сақтамау, ең алдымен ескерту, 1 жыл ішінде қайталанып жасалса айыппұл салуға әкеп соғады. Құқық бұзушылық түрлері: ас мәзірлерінің тек қана орыс немесе басқа да тілдерде рәсімделуі, көрнекі ақпараттар мен деректемелерді тек орыс тілінде ғана орналастыру және теңтүпнұсқалы аударманың сақталмауы, әдеби тіл нормасына сәйкессіздік т.б. ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 455-бабының 3-тармағына сәйкес жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу айыппұл салуға әкеп соғады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.