Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының 3 тарау 8 тармағына сәйкес иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай залалсыздандырылған және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбелерге енгізілген аса қауіпті аурулар мен аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның 25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.
Осы бұйрықтың 5 тарауының 14 бабына сәйкес
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бруцеллезін қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ әкімі);
2) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
3) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акті;
5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;
6) ветеринариялық паспорт;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде №6321 тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмесін алу Қағидасына сәйкес берілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме