Бақылау объектісі қандай мерзімде бақылау актісіне қарсылықты ұсына алады?
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының 149- тармағына сәйкес бақылау актісіне жазбаша қарсылықтар бақылау актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Тексеру комиссиясына ұсынылады. Күнтізбелік он күн өткен соң түскен бақылау актісіне қарсылықтар немесе қарсылықсыз қол қойылған бақылау актісіне түскен, сондай-ақ бақылау объектісі лауазымды адамының бас тартуы салдарынан қол қойылмаған бақылау актісіне түскен қарсылықтар қаралмайды.