Бақылау объектісінің мөрімен (қолымен) құжаттар көшірмелерінің барлық парақтарын растауға қажеттілік бар ма?
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының 143- тармағына сәйкес бақылау актісіне қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті лауазымды тұлғалардың қолымен және (немесе) бақылау объектісінің мөрімен расталады.