Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Қайда жүгінуге болады? - Жылу, су, газ, қоқыс шығару, абаттандыру мәселелері бойынша – қалалық/аудандық әкімдікке немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына. - Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ) жұмысына қатысты шағымдар – жергілікті әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына. - Домофон және басқа байланыс қызметтері бойынша – Байланыс және телекоммуникациялар комитетіне немесе қызмет көрсетуші компанияға ресми шағыммен. Егер мәселе шешілмесе, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға болады.