Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?
Сатушыға (дайындаушы, орындаушы) қойылатын талап (наразылық хат/претензия) еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында келесі деректемелерді көрсету қажет: - Жеке тұлғаның аты-жөні, ЖСН, пошталық мекенжайы; - тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса); - тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс. Негіздеме: тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабы».