«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ» ӘЗІРЛЕНУ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

    language

    language·
    Сұрақ

    «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ» ӘЗІРЛЕНУ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

    Жауап

    Қазақ тілінің ұлттық корпусы - «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында іске асырылатын жобалардың бірі.
    Корпус – белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды түрде жинақталуына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе. Ұлттық корпус қандай да бір тілді белгілі бір кезеңдегі барлық жанрларында, стильдерінде, әлеуметтік, аумақтық, т.б. нұсқаларында алуан түрлілігінде көрсете алады.
    Ұлттық корпусты ғылыми зерттеулер мен тіл үйрету үшін лингвистер (корпус лингвистикасы деп аталатын, қазіргі заманғы тіл білімінің қарқынды дамып келе жатқан саласының мамандары) құрады. Әлемнің негізгі тілдерінің көпшілігінде өздерінің ұлттық корпустары бар, олар бір-бірінен мәтіндерді ғылыми өңдеудегі толықтығы мен деңгейі арқылы ерекшеленеді.
    Қазіргі әлем тілдері ішінде мойындалған корпус – «Британдық ұлттық корпус» (BNC), көптеген басқа заманауи корпустар соған бағытталған. Прагадағы Карл университетінде құрылған чех ұлттық корпусы да ерекше орын алады, Орыс тілінің ұлттық корпусы да қарқынды дамуда.
    Ұлттық корпустың мүмкіндіктері:
    - тілді ана тілі немесе шеттілі ретінде үйрету үшін қажет (әлемде оқулықтар мен оқу бағдарламалары қазір Корпусқа бағытталған. Кез келген шетелдік, мектеп оқушысы, мұғалім, журналист, редактор және жазушы корпусты қолдана отырып, бейтаныс сөзді немесе грамматикалық форманың қолдану ерекшеліктерін тез және тиімді тексере алады);
    - тілдің лексикасы мен грамматикасын, ондағы жүздеген жылдар бойы болған өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін қажет.
    - ақпаратты іздеуді оңтайландырады;
    - ауқымды материалдарды талдау, өңдеуді, статистикалық мәліметтерді алуды оңайлатады;
    - қажетті сөздіктерді корпус базасына негізінде құрастыруға болады.
    - Корпус базасы үнемі үздіксіз жетілдіріліп, толықтырылып отырады.
    Сонымен, Қазақ тілінің ұлттық корпусы тілдің құрылымы мен қолданылуы туралы білгісі келетін жалпы қызығушылық танытатын жұртшылыққа арналған.
    Ағымдағы жылы публицистикалық мәтіндердің кіші корпусын әзірлеу бойынша жұмыс басталды, жыл соңына дейін база 2 млн сөзқолданыспен толықтырылады. Жаңа жылдан бастап qazcorpora.kz сайты толық ақпаратпен таныса аласыздар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көрнекі ақпараттарды орналастыруға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа да тілдерде орналастырылады. Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 . Мысалы, егер Сіз көрнекі ақпаратты орналастырғыңыз келсе, онда Сізге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңы 21-бабының талаптарын сақтау қажет. Мәтін міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы және ол дұрыс орналасуы қажет, яғни деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады.

    language·
    Сұрақ

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?

    Жауап

    Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады. Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарына кемсітуге жасауға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмысы мен iс жүргiзу тiлi мемлекеттiк тiл болып табылады, орыс тiлi қазақ тiлiмен ресми түрде тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік және қажет болған жағдайда басқа да тілдер пайдаланылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары жүйесінде есепке алу – статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы жүргізу меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі. Мысалы, Сіз мемлекеттік органға ресми хат жолдадыңыз. Сіздің сұранымыңызға мемлекеттік тілде және орыс тілінде жауап берілуі мүмкін.

    language·
    Сұрақ

    Көрнекі ақпаратта тіл заңнамасы талаптары бұзылған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 21-бабына сәйкес «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады». Мысалы, Сіз үйіңіздің жанында орналасқан дүкенде баға көрсеткіштері тек орыс тілінде жазылғанын көрдіңіз. Бұл жағдайда Сіз «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органға шағым жолдай аласыз.

    language·
    Сұрақ

    Қазақ тілін онлайн оқуға қандай мүмкіндік бар?

    Жауап

    Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты құрайды. Курстың ұзақтығы үш ай. Курс соңында тіл үйренушілер тест тапсырып нәтижесінде сертификат алады. Мысалы: Сіз курсқа жазылғыңыз келді. Ол үшін Инстаграмда курс туралы хабарландыруды қарайсыз, себебі аталған оқыту курсын жеңіп алған өнім беруші таргет арқылы жариялайды. Осы таргет қосымшада сіз өтінім қалдыра аласыз. Түсетін өтінімдерді әдіскер өңдейді, содан кейін тыңдаушылар тиісті топтарға қосылады. Топта тестілеу жүргізіліп, деңгей анықталады. Әрі қарай оқыту сол деңгейге сәйкес ұйымдастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.

    language·
    Сұрақ

    Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап қай тiлде берілуі керек?

    Жауап

    ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады. Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi http://10.61.42.188/kaz/docs/Z970000151_#z8 . Мысалы, «Е-Өтініш» жүйесі арқылы М. деген азаматтан қазақ тілінде өтініш келіп түсті. Мемлекеттік орган жауапты мемлекеттік тілде ұсынуы керек.

    language·
    Сұрақ

    Қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылуы бойынша ақпаратты қайдан алуға болады?

    Жауап

    Қазақ тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді дұрыс айту және жалпы тілдік мәдениетті арттыру мақсатында «Emle.kz» https://emle.kz/kz. электрондық базасы құрылды. Аталған база «Онлайн диктант», «Ережелер», «Аббревиатура», «Мақалалар», «Кітапхана», «Форум» атты бөлімдерді қамтиды. Бұл базада кез келген сөздің дұрыс жазылуын тексеруге болады. Мысалы, М. есімді азамат «удивляться» сөзі қазақ тілінде қалай дұрыс жазылатынын білгісі келді делік: «таң қалу» ма, әлде «таңғалу» ма? Сол себепті ол сілтеме арқылы сайтқа өтіп, іздеу жүйесіне «таң қалу» сөзін жазады. Егер бұл сөз табылмаса, демек ол қате жазылған сөз. Дұрыс нұсқасы – «таңғалу».

    language·
    Сұрақ

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер ҚАЗТЕСТ сертификатын алу үшін не істеуі керек?

    Жауап

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады. Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда. Ол алдымен testcenter.kz сайтына тіркелуі қажет. Одан соң сайттағы «Қазтест» бөліміне өтеді, сол кезде «Тестіленушілерге» батырмасын таңдап, тестілеуден өтуге өтініш береді. Содан кейін Гаухардың жеке кабинетіне тестілеу өтетін уақыты, орны және аудиториясы жазылған хабарландыру келеді.

    language·
    Сұрақ

    Қазақ тілін үйрететін тегін курстар бар ма?

    Жауап

    Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 116 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kz . Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі тегін оқытылады. Орталықтардан бөлек қазақ тілін жаппай ашық онлайн курсы арқылы үйренуге де болады. Мысалы, азамат Ольга қазақ тілін Астана қаласында офлайн форматта тегін үйренгісі келді. Ол үшін оған Астана қаласының тіл оқыту орталығы «Руханият» КММ сілтеме арқылы ресми парақшасына өтіп https://share.google/tfNcazdEFhSgVjM6L сайтта берілген байланыс нөміріне хабарласып, тегін қазақ тілін оқыту курсына тіркеле аласыз.

    language·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.