Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешіміне сәйкес Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) баж ставкасымен және баждың осындай мөлшерімен салыстыру бойынша неғұрлым төмен кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын тауарлар тізбесі бекітілді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманының (бұдан әрі - Хаттама) (Бурабай қаласы, 2015 жылғы 16 қазан) 3-бабының 1-тармағына сәйкес Баждардың төмендетілген мөлшерлемелері Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітетін тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы жұмыс тобы баяндамасының 307-параграфында көзделген шарттар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тауарларды әкелу және оларды Кеден одағының Кеден кодексінде көзделген кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде қолданылады.
Хаттаманың 3-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждары тізбеде көзделген мөлшерлемелер бойынша төлене отырып, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдердің аумағынан әкелінген, тізбеге енгізілген және ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған тауарлар Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 202-бабының 6-тармағында Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды, егер ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе ЕАЭО кіру туралы халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, оларды шығаруды жүргізген кеден органы ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағы шегінде ғана пайдалануы мүмкін екені көзделген.
Сонымен қатар, Хаттаманың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Хаттаманың 3-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында кері экспорт кедендік рәсімі Кодекстің 320-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда, егер тауарлар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміленің талаптары орындалмауы себебінен, оның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе қаптамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан көрсетілген тауарлар әкетілетін болса, оларға қатысты ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе ЕАЭО кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгендерге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылатыны көзделген.
Кодекстің 202-бабының 9-тармағына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан және (немесе) оларды ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде не, егер кедендік әкелу баждарын осындай мөлшерде төлеу ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе ЕАЭО кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес көзделсе, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе ЕАЭО кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде өндіріп алғаннан не осы Кодекстің 216-бабының 6-тармағында көзделген өзге де мән-жайлардың басталуына байланысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін ЕАЭО тауарлары мәртебесін алады.
Бұл ретте, қазіргі уақытта ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген, кедендік әкелу баж мөлшерлемелері бойынша есептелген, кедендік әкелу баж сомасының айырмасы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажды төлеуді көздейтін ЕАЭО шеңберінде халықаралық шарт жоқ екенін атап өтеміз.
Осылайша, ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында ДКҰ-ның мөлшерлемесі БКТ мөлшерлемесіне өзгерген кезде кедендік баждардың айырмасын төлеу көзделмеген.