Заңның 2-бабының 31-тармағына сәйкес Халықаралық іскерлік операциялар-тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тараптарының бірі Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәмілелер; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде жасаған мәмілелері, тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша.
Заңның 3-бабының 1-тармағында трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау Халықаралық іскерлік операциялар бойынша, сондай-ақ олар халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын мәмілелер бойынша жүзеге асырылады деп белгіленген:
Тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;
салықтар бойынша жеңілдіктері бар Тараптардың бірі;
мәміле жасалған жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі үшін салық декларацияларының деректері бойынша шығынға ұшыраған Тараптардың бірі