Қолма - қол ақша қаражаты 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада кедендік декларациялауға жатады.
Бұл ретте бір жеке тұлға ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде 100 мың АҚШ долларынан астам сомада қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын (баламада) өткізген кезде жолаушылар кедендік декларациясын берумен бір мезгілде осындай қаражаттың шығу тегін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынады:
1) 10 000 (он мың) АҚШ долларының баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы шетел валютасындағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған 5, 10, 20, 50 және 100 грамм тазартылған алтынның алтын құймалары және инвестициялық монеталар, сондай-ақ 100 грамнан астам тазартылған алтын.