Ресми такси тасымалдаушы қалай болуға болады?
Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде ТІРКЕЛУ. www.elicense.kz порталы (ЭЦҚ қажет) және тіркеу орны бойынша тиісті ауданның, қаланың ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама ЖІБЕРУ Автокөлікті ҚР СТ 2272-2012 Ұлттық стандартына сәйкес жолаушылар таксиімен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері және 2015 жылғы 26 наурыздағы 349 Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес ЖАБДЫҚТАУ. Не болу қажет такси салонында жолаушылардың көз алдында жүргізушінің визит карточкасы фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық таблосы орнатылады: 2. Такси сыртқы жағынан бірыңғай түсті гаммада, жеңіл автомобильдің бүйірлерінің бүкіл ұзындығы бойынша бір деңгейде жағу жолымен ресімделеді, оның шанағының түсін такси тасымалдаушысының өзі, биіктігі кемінде 10 және 14 сантиметрден аспайтын, шахмат тәртібінде орналасқан қара және (немесе) сары квадраттардан тұратын белбеу айқындайды. Такси төбесінде орналасқан және 500-м дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын тану белгісімен жабдықталады. тану белгісінде «Т» (такси) және/немесе тиісті дойбы белдігі бар және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады. Сондай-ақ, медициналық тексерулерді жүзеге асыруға шарт жасалған жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломы бар адамның автокөлік құралдарын рейс алдындағы техникалық байқаудан, сондай-ақ такси жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан өтуін қамтамасыз ету қажет; Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт бүйір есігі бар сериялық өндірістегі жеңіл автомобильдерді пайдалануға жол беріледі. Арнайы жүргізілетін, оның ішінде толық қолмен, сондай-ақ оң қолмен жүргізілетін автокөлік құралдарын таксимен тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады.