Ресми такси тасымалдаушы қалай болуға болады?

    aqmola-upt

    aqmola-upt·
    Сұрақ

    Ресми такси тасымалдаушы қалай болуға болады?

    Жауап
    1. Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде ТІРКЕЛУ.
    2. www.elicense.kz порталы (ЭЦҚ қажет) және тіркеу орны бойынша тиісті ауданның, қаланың ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама ЖІБЕРУ
    3. Автокөлікті ҚР СТ 2272-2012 Ұлттық стандартына сәйкес жолаушылар таксиімен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері және 2015 жылғы 26 наурыздағы 349 Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес ЖАБДЫҚТАУ.

    Не болу қажет

    1. такси салонында жолаушылардың көз алдында жүргізушінің визит карточкасы фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық таблосы орнатылады:

    2. Такси сыртқы жағынан бірыңғай түсті гаммада, жеңіл автомобильдің бүйірлерінің бүкіл ұзындығы бойынша бір деңгейде жағу жолымен ресімделеді, оның шанағының түсін такси тасымалдаушысының өзі, биіктігі кемінде 10 және 14 сантиметрден аспайтын, шахмат тәртібінде орналасқан қара және (немесе) сары квадраттардан тұратын белбеу айқындайды.

    1. Такси төбесінде орналасқан және 500-м дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын тану белгісімен жабдықталады. тану белгісінде «Т» (такси) және/немесе тиісті дойбы белдігі бар және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады.

    Сондай-ақ, медициналық тексерулерді жүзеге асыруға шарт жасалған жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломы бар адамның автокөлік құралдарын рейс алдындағы техникалық байқаудан, сондай-ақ такси жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан өтуін қамтамасыз ету қажет;

    Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт бүйір есігі бар сериялық өндірістегі жеңіл автомобильдерді пайдалануға жол беріледі.

    Арнайы жүргізілетін, оның ішінде толық қолмен, сондай-ақ оң қолмен жүргізілетін автокөлік құралдарын таксимен тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қалааралық автобус қатынасын қалай ашуға болады?

    Жауап

    «Автомобиль көлігі туралы» ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 21-бабы 2- тармағына сәйкес, Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу және жабу тәртібі, көрсетілген тасымалдау түрлерін орындау үшін пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитарлық жағдайына, сыртқы ресімделуіне және жабдықталуына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларымен регламенттелген.

    aqmola-upt·
    Сұрақ

    Қоғамдық көлікте билет сатып алу кезінде балалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы:«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы: - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;; - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға; - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға; - өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге; - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға; - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға. Сонымен қатар, «Автомобиль көлігі туралы» ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 20-б сәйкес, 2023 жылдың 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар қатынастарда (жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша айқындалады, Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімі), сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар.

    aqmola-upt·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.