Егер өтініште ұсынылған ақпарат дұрыс болмаса, өтініш беруші қандай жауапкершілікке тартылады?
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 439-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы жалған ақпарат хабарлау-ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған бұл әрекет Жеке тұлғаларға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізу үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.