Менің сыбайлас жемқорлық туралы өтінішім қалай қаралады?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі

    Сұрақ

    Менің сыбайлас жемқорлық туралы өтінішім қалай қаралады?

    Жауап

    Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініш келіп түскен кезде ол ведомстволық ақпараттық жүйеде тіркеледі, содан кейін басшылық шаралар қабылдау үшін уәкілетті лауазымды адамға тапсырады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдар қалай көтермеленеді?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілді. Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК-тен (3 450 000 теңге) аспайтын немесе залал жоқ Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша-30 АЕК; 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК; 3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК-тен (3 450 000 теңге) асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% - ын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды (13 800 000 теңге).

    ҰҚК СЖҚІҚ·
    Сұрақ

    Егер өтініште ұсынылған ақпарат дұрыс болмаса, өтініш беруші қандай жауапкершілікке тартылады?

    Жауап

    ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 439-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы жалған ақпарат хабарлау-ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған бұл әрекет Жеке тұлғаларға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізу үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    ҰҚК СЖҚІҚ·
    Сұрақ

    Мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы анонимді хабарлама бере аламын ба?

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес анонимдік өтініштер қарауға жатпайды, бірақ тексеріледі. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жасырын хабарлау сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды.

    ҰҚК СЖҚІҚ·
    Сұрақ

    Егер мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсам немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсам, не істеу керек?

    Жауап

    Егер Сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлай аласыз: 1) тәулік бойы тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай call-орталығы арқылы; 2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мына мекенжайы бойынша жазбаша түрде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы ; 3) "электрондық үкімет" порталы арқылы www.egov.kz электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде; 4) электрондық мекенжайға жазбаша түрде [email protected]

    ҰҚК СЖҚІҚ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.