Қазақстан Республикасы аумағында Білім туралы құжаттарды тану мәселесі бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймын?
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау болып табылады. Тану рәсімінен өту біздің елдің азаматтарының да, шетел азаматтарының да одан әрі жұмысқа орналасуы немесе білімін жалғастыруы үшін Қазақстан Республикасының аумағында білімі туралы шетелдік құжаттың күшіне енуі үшін қажет. Білім туралы құжаттарды тану рәсімі мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарды тану қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі. Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жүзеге асырады. Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz ресми сайтынан немесе 87172 28-75-21, 28-75-27 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.