Субсидияны кімдер ала алады және субсидияны алудың талаптары

    zhetysu-ayul

    zhetysu-ayul·
    Сұрақ

    Субсидияны кімдер ала алады және субсидияны алудың талаптары

    Жауап

    Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі.

    Бұл ретте,субсидиялар тауар өндірушілерге Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында көрсетілген субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын барлық талаптар мен өлшемшарттарға сай келген кезде төленеді.

    Субсидия алуға қойылатын талаптар мен өлшемшарттармен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады немесе Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (САЖ) ( https://subsidy.plem.kz/) субсидиялауға қатысты барлық ақпарат ашық қол жетімділікте орналасқан.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мал өсірумен айналысатын шаруаларға қандай субсидия түрлері қарастырылған

    Жауап

    Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады: Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары). Аталған субсидиялау бағдарламасы туралы толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018404 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары). Аталған бағдарлама аясында инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсаған шығындарын 25%-ын өтеу көзделіп отыр. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялар алу бойынша ақпарат https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемеде берілген, Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржыдық ұйымдарымен ІҚМ, ҰҚМ, ауыл шаруашылығы техникасын/құрал-жабдықтар сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған фермерлерді несиелеу бағдарламалары «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» жүзеге асырылады. Толық ақпрат «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ сайтында www.agrocredit.kz ; және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сайтында www.fagri.kz қол жетімді.

    zhetysu-ayul·
    Сұрақ

    Субсидия алуға өтінімді қалай береді және қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Қазіргі уақытта өтінім беруден бастап нәтижесін алғанға дейін толық автоматтандыру енгізілді, сондай-ақ тауар өндіруші өзінің АТЖ-дағы автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (АЖО) берген өтінімінің мәртебесін қадағалауға мүмкіндігі бар. Осылайша, өтінім беру "электрондық үкімет" веб-порталының САЖ-бен ( https://subsidy.plem.kz/ ) өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.

    zhetysu-ayul·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.