Мал өсірумен айналысатын шаруаларға қандай субсидия түрлері қарастырылған
Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады: Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары). Аталған субсидиялау бағдарламасы туралы толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018404 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары). Аталған бағдарлама аясында инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсаған шығындарын 25%-ын өтеу көзделіп отыр. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялар алу бойынша ақпарат https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемеде берілген, Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржыдық ұйымдарымен ІҚМ, ҰҚМ, ауыл шаруашылығы техникасын/құрал-жабдықтар сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған фермерлерді несиелеу бағдарламалары «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» жүзеге асырылады. Толық ақпрат «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ сайтында www.agrocredit.kz ; және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сайтында www.fagri.kz қол жетімді.