Су тасқынының қаупі қандай?
Қардың еруі, су тасқыны-бұл көктемнің белгісі ғана емес, сонымен қатар микроорганизмдердің еріген суларымен ауыз суға түсу қаупі, өйткені топырақ арқылы судың сүзілуін күшейтетін барлық процестер су сапасының нашарлауына әкеледі. Ең алдымен, бұл жіті ішек инфекциясы, дизентерия, тырысқақ, вирустық гепатит және т.б. сияқты жұқпалы аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупімен байланысты. Бұл инфекциялардыңқоздырғыштары ұзақ уақыт бойы залалсыздандырылмаған суда тіршілік етеді және көбею қабілетіне ие.