«Маңғыстау облысында фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» МЖӘ жобасы аясында қанша «Сергек» камералары орнатылды?
Жоба бойынша барлығы 1138 бірлік камера орнатылды. Оның ішінде 148 нүктеде 736 бірлік жол қауіпсіздігі камерасы, 152 нүктеде 402 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасы. Ақтау қаласы 108 нүктеде 536 бірлік жол қауіпсіздігі камерасын, 52 нүктеде 102 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасын қамтиды. Мұнайлы ауданы 40 нүктеде 200 бірлік жол қауіпсіздігі камерасын, 100 нүктеде 300 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасын қамтиды.