Автокөлік иесі қанша уақыт хабарлама ала алады?
Құқықбұзушылық жасаған жағдайда айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді.
mangystau-digital
«Маңғыстау облысында фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» МЖӘ жобасы аясында қанша «Сергек» камералары орнатылды?
Жоба бойынша барлығы 1138 бірлік камера орнатылды. Оның ішінде 148 нүктеде 736 бірлік жол қауіпсіздігі камерасы, 152 нүктеде 402 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасы.
Ақтау қаласы 108 нүктеде 536 бірлік жол қауіпсіздігі камерасын, 52 нүктеде 102 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасын қамтиды.
Мұнайлы ауданы 40 нүктеде 200 бірлік жол қауіпсіздігі камерасын, 100 нүктеде 300 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасын қамтиды.
Автокөлік иесі қанша уақыт хабарлама ала алады?
Құқықбұзушылық жасаған жағдайда айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді.
Орнатылған "Сергек" бейнекамера қандай құқықбұзушылықты түсіреді?
"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерінің 592, 596, 599, 601 баптарына сәйкес, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған жағдайда, бағдаршамның тыйым салу сигналы яғни қызыл белгісінен өткен уақытта, тоқтау сызығын асып өту кезінде және қос сызықты тыйым салынған жолақты басып өтсе әкімшілік іс-жүргізу бірыңғай тізілімнің процессингтік орталығына жолдайтын болады.
Бейнебақылау деректерін сақтау мерзімі қанша күн?
Бейнебақылау деректерін сақтау мерзімі 30 күн.