Адвокаттық қызметке лицензияны алу үш кезеңде жүргізіледі, ол қажетті дағдыларды игерілетін тағылымдаманы, аттестаттауды және лицензияларды тікелей алуды қамтиды.
Адвокаттық қызметке лицензияны алу үшін тұлға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы ерікті нысанда өтініш жазу арқылы адвокаттар алқасының президиумына жүгінеді.
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (дипломның түпнұсқасын салыстыру үшін бермеген жағдайда нотариалды куәландырылғаны көшірмесі);
- өз қолымен жазылған өмірбаян;
- заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасы немесе басқа құжат;
- тағылымдамадан өтуге өтініш білдірген тұлғаның тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтама;
- соттылығы туралы анықтама.
- 3х4 см көлеміндегі екі бейнесурет;
- Мамандарды есепке алу іс-парақшасы.
Тағылымдамадан өтуді жеке ережеде регламенттелген. Оған сәйкес, тағылымдама 5 жылдан кем емес адвокаттық қызметі бар адвокаттың басшылығымен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы 6 айдан бір жылға дейінді құрайды.
Тағылымдамадан өту ақылы түрде жүзеге асырылады, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру үшін төлем мөлшері және мерзімі шартта көрсетіледі. Тағылымдамаға төлем әрбір айға 10 АЕК көп емес мөлшерде белгіленген.
Маңызды:Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту Аттестаттаудан өту Қағидасына сәйкес өткізіледі және оның алдында, аумақтық "электрондық үкіметтің" веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы әділет органға төмендегі құжаттарды жолдау керек:
- "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетiлетiн ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында;
- Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.
Сіздің құжаттар пакетіңіз арнайы Алқамен қаралады. Материалдарды қараудың қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға рұқсат берілгендігі немесе бас тартылғандығы туралы негізді шешімді шығарады. Аттестаттауды өткізу тегін өткізіледі.
Бұдан кейін, Комиссия материалды қарастырып, аттестаттауға жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін, аумақтық әділет органдары сізді аттестаттау орны, күні, уақыты, тәртібі туралы шешімді оны жүргізгенге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеді.
Әділет органдарда аттестаттау қажеттілігіне қарай жарты жылда 1 рет өткізіледі.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.
Аттестаттаудан өткеннен кейін келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешімді шығарады. Осы шешім 6 жыл ішінде әрекет ететін болады. Аттестаттан өтпеген жағдайда, сіз бір жылдан кейін қайта аттестаттан өтуге болады. Комиссия шешімін сот тәртібінде шағымдануға болады.
Маңызды: Аттестаттау туралы шешім оны шығарғаннан бастап 6 жыл ішінде жарамды болып табылады.