«Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысына сәйкес үшінші елдермен саудада бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды (бұдан әрі – зергерлік бұйымдар) әкелу және әкету тәртібі айқындалады.
Өтініш беруші зергерлік бұйымдарды әкелу және әкету кезінде мынадай рәсімдерді жүргізеді:
- Зергерлік бұйымдарды кедендік рәсімдерді жүзеге асыру үшін мамандандырылған (санатталған) кеден бекеттеріне немесе кеден органдарының бөлімдеріне орналастырады;
- Сараптаманы уәкілетті ұйымдар («Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ; «Сынақ зертханасы «БМАТ СТО» ЖШС) 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
Анықтама: асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сараптау – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдарды бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарда сынап көруді, сынамалық таңбалар бедерлерінің түпнұсқалығын тексеруді қамтитын уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу.
- Өтініш беруші уәкілетті органда (ҚР ӨҚМ) «Е-окно» АЖ арқылы зергерлік бұйымдарды әкелуге және әкетуге мемлекеттік бақылау актісін алады.
4. Өтініш беруші зергерлік бұйымдарды әкелу және әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін кедендік операцияларды жасайды.