Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах индустрии и индустриально-инновационного развития, научно-технического развития страны, горно-металлургического комплекса, развития местного содержания, машиностроения, угольной, химической, фармацевтической и медицинской промышленности, легкой, деревообрабатывающей и мебельной промышленности, строительной индустрии и производства строительных материалов
Министрлік туралы
Министрлік өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Сіздерді 2026 жылы 21–22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін Қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме Қазақстанның химия және полимер өнеркәсібі үшін стратегиялық алаң ретінде өзін дәлелдеген. Ол халықаралық және отандық компанияларды біріктіріп, заманауи технологияларды көрсетеді, серіктестік қатынастар мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді және саланы одан әрі дамытуға негіз қалайды. Көрме конференциясы шараның маңызды бөлігі болып табылады және полимерлік және химиялық саладағы өзекті мәселелерге бағытталған. Конференция бағдарламасына мыналар кіреді: • Пластмасса нарығының тенденциялары, импортты алмастыру және мемлекеттік рөл туралы пленарлық сессия • Полимерлік өнеркәсіптің дамуы бойынша болжамдармен форсайт-блок • Негізгі стендтер мен технологияларға VIP-тур • Тематикалық сессиялар: автомобиль және құрылыс саласындағы химия • ESG күні: семинарлар, пластиктердің өмірлік циклін бағалау және қайта өңдеу тәжірибесін бөлісу Көрмеде арнайы бөлімдер ұсынылады: • B2B Zone — іскерлік кездесулер мен серіктестіктер • ECO Zone — қайта өңдеу және тұрақты өндіріс технологиялары • Robo Zone — роботизация және 3D баспа Алтын серіктес – Haitian Стратегиялық серіктес – KPI («Kazakhstan Petrochemical Industries») Іс-шара Қ азақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің , сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Көрмеге кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://plastex.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=PLX2026MPS Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО Күндері: 21-22 қазан 2026 жыл Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]
Сізді 2026 жылы 2–4 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 18-ші Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме өз беделін коммуникациялық платформа ретінде көрсетті және отандық әрі халықаралық компанияларды біріктіретін Қазақстандағы Жылыту, желдету, ауаны баптау және сумен жабдықтау, сантехника саласы үшін негізгі алаң болып табылады. 2008 жылдан бастап Aquatherm Almaty заманауи технологиялар мен шешімдерді таныстырады, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға ықпал етеді және саланың дамуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрмеге қатысқан: 16 елден 225 компания , оның ішінде Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, БАӘ, Польша, Ресей, Сингапур, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Оңтүстік Корея. 56 отандық және 169 халықаралық компания , оның ішінде Германия мен Түркия ұлттық стендтері, сондай-ақ Қытай мен Өзбекстан ұжымдық экспозициялары ұсынылды. Көрменің іскерлік бағдарламасы мыналарды қамтиды: Сала сарапшылары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін пленарлық отырыс — инженерлік жүйелер нарығының даму үрдістерін талқылау. Қатысушы компаниялардың заманауи шешімдерге, энергия тиімділігіне және инновациялық технологияларға арналған стратегиялық сессиялары мен семинарлары. Инженерлік жүйелер мен энергия тиімді шешімдер бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары және интерактивті сессиялар . «Технарь PRO Kazakhstan» монтажшылар чемпионаты — саладағы үздік мамандарды анықтауға арналған кәсіби шеберлік байқауы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Алдын ала тіркелу арқылы көрмеге кіру тегін: https://aquatherm-almaty.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ATA2026MPS Өтетін орны: Қазақстан, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО Күні: 2–4 қыркүйек 2026 ж. Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]
Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз. Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық материалдарды және саланың үздік тәжірибелерін таныстыру платформасы ретінде қызмет етіп келеді. Ол өнімді ішкі және халықаралық нарықтарға тиімді ілгерілету құралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс кешенін дамытудағы маңызды фактор ретінде өзін дәлелдеді. KazBuild туралы фактілер: 1994 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі құрылыс және интерьер көрмесі Жыл сайын Қазақстанның басты бизнес-қаласы – Алматыда өтеді Көрме бөлімдері: құрылыс материалдары, жабдықтар мен құралдар, керамика және тас, терезе технологиясы, интерьер, әрлеу материалдары Іскерлік бағдарлама аясында 60-тан астам іс-шаралар: семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, B2B және B2G кездесулер, делегаттық бағдарламалар және т. б. KazBuild 2026 Орталық Азиядағы жетекші салалық іс-шара мәртебесін тағы да растап, құрылыс нарығын дамытудың стратегиялық құралы әрі Қазақстанның халықаралық кәсіби қауымдастыққа ықпалдасуының маңызды алаңы болмақ. Іс-шара ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://kazbuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=KBA2026MPS Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО Өтетін күндері: 2–4 қыркүйек 2026 жыл Ұйымдастырушылардың байланыс деректері: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]
2026 жылғы 11–12 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елдің индустриялық күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен-металлургия конгресі мен көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі AMM алаңының шикізатты терең өңдеу стратегиясын іске асыруда және өндіруші секторға инновациялық технологияларды енгізуде ерекше рөл атқаратынын атап өтеді. AMM 2026 негізгі бағыттары: Жер қойнауын пайдалану және тау-кен-металлургия кешеніндегі заңнамалық бастамалардың өзекті мәселелерін талқылау. Мамандандырылған көрмеде өндірісті автоматтандыру және цифрландыру бойынша озық шешімдерді таныстыру. Инвестициялық байланыстарды нығайту және Қазақстанның өнеркәсіп секторына әлемдік технологиялық көшбасшыларды тарту. «Алтын Гефест» ұлттық конкурсы аясында саладағы үздік мамандарды дәстүрлі марапаттау. AMM конгресі жыл сайын салалық министрліктердің басшыларын, ірі компаниялардың топ-менеджментін, халықаралық сарапшыларды және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Бұл алаң мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының негізі болып табылатын тау-кен-металлургия кешенінің тұрақты дамуына ықпал етеді. Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://amm.kz/ru/poluchite-bilet-na-vystavku?promo=AMM2026MPS Өтетін орны: Қазақстан, Астана қаласы, Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14 Өтетін күндері: 11–12 маусым 2026 ж. Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 727 258 34 34 (ішкі 305) E-mail: [email protected] Ресми сайт: www.amm.kz . БАҚ өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын және салалық компанияларды ТМК- ның болашағын қалыптастыруға қатысуға шақырамыз.
2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохимия саласындағы ең ірі көрме алаңы. Биыл көрме өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде және көрме тарихындағы ең ауқымды іс-шара болмақшы. Мерейтойлық көрмеге Қазақстан, Германия, Франция, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Үндістан, Қытай, Малайзия, Тайланд, Түркия, Ресей Федерациясы және басқа да елдерден автокомпоненттер мен сервистік жабдықтарды өндіруші, жеткізуші және дистрибьюторлерді жинайтын 400-ден астам компания қатысады. Automechanika Astana көрмесі әлемдегі ең ірі көрме компанияларының бірі саналатын, 800 жылдан астам тарихы бар және 50-ден астам елде өкілдігі орналасқан Messe Frankfurt GmbH компаниясына тиесілі жаһандық Automechanika көрме бренді аясында өткізіледі. Automechanika халықаралық желісі бес құрлықтағы 20-дан астам көрмені біріктіріп, автокомпоненттер, сервис және логистика нарығындағы халықаралық стандарттарды қалыптастырады. Орталық Азиядағы көрменің ұйымдастырушысы аймақтағы Messe Frankfurt GmbH компаниясының ресми өкілі Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы. Халықаралық салалық көрмелер өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың тиімді құралы. Мұндай алаңдар халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығаруға, инвестиция тартуға және заманауи технологияларды трансферлеуге ықпал етеді және қазақстандық өндірушілер, шетелдік серіктестер мен даму институттары арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындардың халықаралық көрмелеріне қатысуын қолдау мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың маңызды бөлігі. Automechanika Astana 2026 көрмесі отандық автомобиль индустриясы үшін халықаралық нарықпен тікелей диалог орнататын маңызды алаң ретінде ерекше мәнге ие. Ол автомобиль компоненттерін өндіруді жергіліктендіруді дамытуға, халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, кәсіпорындардың технологиялық базасын жаңартуға және қазақстандық өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбектеріне біріктіруге ықпал ететін құрал. Көрменің мерейтой кезеңі Қазақстан Республикасындағы автомобиль кластерінің қарқынды дамуы және заманауи сервистік әрі ілеспе өндірістік шешімдерге деген сұраныстың артуы кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында Automechanika Academy білім беру бағдарламасы, Automechanika Live Stage демонстрациялық алаңы, өндірушілер, дистрибьюторлар мен тапсырыс берушілер арасындағы B2B келіссөз сессиялары, жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен сараптамалық сессиялар өткізу жоспарланған. Көрмеге қатысу автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандары мен басшылары, автомобиль компоненттерін өндірушілер, сервистік және логистикалық компаниялар, дилерлік және дистрибьюторлық желілер, автомобиль көлігі операторлары, салалық қауымдастықтар, ғылыми-білім беру ұйымдары және мемлекеттік тапсырыс берушілер үшін өзекті. Көрмеге қатысу тегін. Қатысу үшін сілтеме https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=40&utm_source=mps
2026 жылғы 30 мамыр күні Көкшетау қаласында «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтеді. Форумға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады. Іс-шара барысында: — аумақтарды реновациялау; — қалалық ортаны дамыту; — құрылыс саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар; — энергия тиімділігі мен тұрақты даму мәселелері талқыланады. Өтетін орны: «AQMOLA DIGITAL», Көкшетау қаласы 30 мамыр 2026 жыл Басталуы: 09:30 БАҚ өкілдерін шақырамыз! Байланыс үшін: Жанерке Ержанқызы, ҚР ӨҚМ, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті баспасөз хатшысы, +7 707 305 99 74
"Alatau" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың Хаттамасынан үзінді "Alatau" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды кокурстық іріктеу қорытындылары туралы
«Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы №274 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрық жобасы
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтиіжелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №343 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бірлескен бұйрық жобасы
«Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 410 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №245 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бірлескен бұйрық жобасы