Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың белгілі бір санаттары өздері тұратын тұрғын үйлерді (11 санат) өз меншігіне өтеусіз алуға құқылы.
Анықтама:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, сондай-ақ Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтар;
7) күнтізбелік есептеуде жиырма жыл және одан да көп еңбек сіңірген әскери қызметшілер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
7-1) арнаулы мемлекеттік орган және ішкі істер органдары қызметкерінің, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер;
9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
10) күнтізбелік есептеуде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген ішкі істер органдарының қызметкерлері жатады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлерде депутаттар ұсынған санаттар арасынан 9,3 мыңға жуық адам тұр және кезекте тағы 190 мыңға жуық адам бар.
Өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар азаматтар санаттарының тізбесін кеңейту мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түспеуіне әкеп соғады, бұл тиісінше оны республикалық бюджет комиссиясында қарауды талап етеді.
Осыған байланысты жекешелендіру тәртібі қосымша заңға тәуелді актілер деңгейінде пысықталатын болады.